«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2020 жылдың 11 желтоқсан айында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім беру негізі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуды ұйымдастырды. Аталмыш педагогикалық оқуға  Атырау индустриалды колледжінің физика пәнінің оқытушысы, әрі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын іске асырудағы біліктілік арттыру курсының тренері  Адиров Амангельды Нұрмұқанұлы  қатысқан болатын. 

Амангельды Нұрмұқанұлы «STEM – мультидисциплинарлы  тәсіл; робототехника арқылы жаратылыстану пәндерін үйрету»  тақырыбындағы өзінің шығармашылық тақырыбымен бөлісті.

Шығармашылық жұмысының басты мақсаты: Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде –  болашақ маманға және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше тұлға қалыптастыру болып табылады.  

Облыстық педагогикалық оқудан Амангельды Нұрмұқанұлы  ІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

Колледж басшысы м.а. Джумагазиев Тухфатолла Махфузұлы ұжым атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне шығармашылық жетістік білдіреді.

Пікір үстеу