Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  2020 жылы 26 қарашада «Үздік өндірістік оқыту шебері 2020» облыстық онлайн байқауы өткен болатын.

Байқаудың өту мақсаты:

1. Өндірістік  оқыту шеберлерінің шығармашылығы мен  педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

2. Мамандықтың мәртебесін көтеру,  педагогикалық озық тәжірибені тарату;

3. Жоғары кәсіби-педагогикалық рейтингі көрсеткен талантты, шығармашылық көзқараспен жұмыс жасайтын өндірістік оқыту шеберлерін айқындау;

4. Шығармашылық байланысты кеңейту және өндірістік оқыту саласындағы жетістіктер және  жаңа идеялармен алмасу;

5. Кәсіби шығармашылығын жетілдіру қажеттілігін дамыту;

Екі кезеңнен тұратын «Менің мамандығым  – менің мақтанышым»  атты визиттік карточкасы мен шығармашылық және инновациялық қызметінің презентациясын дайындау тапсырмаларының қорытынды көрсеткіштері бойынша, байқауға Атырау индустриалды колледжінің бірінші санатты, өндірістік оқыту шебері Сағижан Ботакөз Беркінқызы қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Ботакөз Беркінқызын колледж ұжымы шын жүректен құттықтап, алғыс білдіреді.

Пікір үстеу