Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы 2020 жылдың 25 желтоқсан айында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлерінің әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау, кәсіби шығармашылығын ынталандыру, білім беру жүйесінде әдіскерлердің мәртебесін жоғарлату мақсатында «Үздік колледж әдіскері – 2020» облыстық онлайн байқауын өткізді.

Атырау индустриалды колледжінің әдіскері Қожантаева Гүлшара Болатқызы 3 кезеңнен тұратын облыстық байқауға қатысып, ережеге сай теориялық біліктілігін сарапқа салар тестілеуден өтіп, «Мен – әдіскер», «Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың үздік моделі» таныстырылымдары бойынша кәсіби шеберлігін көрсете отырып,    «Жаңашыл әдіскер» номинациясымен және естелік сыйлықтарымен  марапатталды.

Колледж әкімшілігі Гүлшара Болатқызын құттықтап, деніңе саулық, еңбек жолында биіктен көрініп, жетістіктерге жете беруіне тілектестігін білдірді.

Пікір үстеу