Маңғыстау облысының білім беру басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және оқу-әдістемелік кабинеті «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК 2021 жылдың 03 ақпанында «Білім берудегі жаңа инновациялар. Ізденіс және шешім» тақырыбындағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған қашықтықтан өтетін республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференцияның негізгі мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа инновацияларды, технологияларды зерттеу және енгізу болып табылады.

Атырау индустриалды колледжінен тарих пәнінің оқытушысы Иманғазы Амангелді Айсаұлы «Ақпараттық және компьютерлік технологияларды білім беру жүйесінде қолдану»  тақырыбында баяндамасын оқыды. Сол сияқты математика пәнінің оқытушысы Ельжанова Гүлмира Хаберқызы «Математика сабақтарында ұлттық құндылықтарды қолданудың маңызы», колледж әдіскері Қожантаева Гүлшара Болатқызы «Дуалды оқытудың өзекті мәселелері», арнайы пән оқытушысы Дауылбаева Алтынай Орынғалиқызы «Модульдік оқыту технологиясы» тақырыптарында материал беріп жинаққа еніп, сертификаттарға иеленді.

Пікір үстеу