Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OTANlife» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралр жоспары аясында «Әз-Наурыз» мерекесін атап өту іс-шаралар жоспары жасақталып Атырау индустриалды колледж бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты.: Қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлттардың бейбітшілігі мен достығын сақтау, «Рухани жаңғыру» арқылы көнеден келе жатырған ұлттық дәстүрді жастарға дәріптеу, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру. Бір күн игі істер атқарылып, қайырымдылық жасауға, тағы бір күні тазалыққа арнау, басқа бір күні тағамдар әзірлеу мен қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаттарын, ұлттық жарыстар ұйымдастыру.


15 наурыз – колледж бойынша Амал мерекесі «Көрісу күні» атап өтілді
16 наурыз – Шежіре күні «Наурыз – Мәңгілік Ел» салтанаты» тақырыбында колледж кітапханашысы Утекеева Ж. ұйымдастыруымен кітап көрмесі өткізілді.
17 наурыз – Тарихқа тағзым күні «Рухани Жаңғыру» мақаласына орай, «Ұлы даланың 7 қыры» тақырыбында студенттер арасында эссе байқауы өткізілді.
17 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» тақырыбында колледж тарихшысы Иманғазы А.А. ұйымдастыруымен тарихи-танымдық шара өткізілді.
18 наурыз – Игі істер күні «Ұлы дала дәстүрі» тақырыбында әдет-ғұрыппен салт дәстүрлерді насихаттайтын тәрбиелік шаралар топтамасы ұсынылды. Ұйыдмдастырушылар колледж кураторлары Аманғалиева А., Умирханова Л., Бекешева Р., Утепбергенова Э., Салауатова Г., Ахметова Ж., Ельжанова Г., Суюнешева Г.
19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ұлттық сайыс өткізілді. Олар : Білек күшін сынасу, Арқан тарту, Ләңгі тебу. Асық ойыны.
19 наурыз «Қош келдің – Әз Наурыз» мерекелік қорытынды шара

Пікір үстеу