Павлодар қаласының «Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі 2021 жылдың 7-8 сәуір аралығында «ХХІ ғасыр студенттері мен оқушыларының интелектісі: мүмкіншіліктерді жүзеге асыру болашағы» атты Vхалықаралық ғылыми-практикалық қашықтықтық конференция ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты: ғылыми, зерттеу, шығармашылық жұмыстарын дамыту, оқу үрдісінде үздік әзірлемелерді оңтайлы енгізу, білім алушыларды қоғамның ғылыми даму міндеттерін шешуге тарату.

Конференцияға   Атырау индустриалды колледжінің жоғары санатты озат тәжірибелі мамандарымыз қатысты. Айталық, тарих пәнінің оқытушысы Иманғазы Аманкелді Айсаұлының жетекшілігімен студент Давлеталинов Арман «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» тақырыбында және математика пәнінің оқытушысы Ельжанова Гүлмира Хаберқызының жетекшілігімен студент Амангельдиев Руслан «Математика пәнінің менің өмірімдегі маңызы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тәжірибе бөлісті.

Тәжірибе нәтижесінде жастардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметтерін ынталандыру мақсатында сертификатқа иеленді

Пікір үстеу