Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі 2021 жылдың 31 наурызында  «Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция ұйымдастырған болатын.

Конференцияның мақсаты: гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау. Ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу, танымдық белсенділіктері мен интеллектілік шығармашылықтарын дамыту.

Конференцияға   Атырау индустриалды колледжінің білікті мамандарының бірі,  информатика пәнінің оқытушысы Суюнишева Кулмарида Тілешқызы «Қашықтықтан оқытудың тиімділігі» тақырыбында және өндірістік оқыту шебері Сағижан Ботакөз Беркінқызы «Қашықтықтан оқытудың технологиялары және артықшылығы мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама дайындап, белсенділік танытқандарына орай және білім беру жүйесін дамытуға қосқан озық идеялары үшін сертификат беріліп, әрі конференция материалдары жинаққа енді.

Заман көшіне ілесу біздің міндетіміз дегендей, оқытушыларымыз білім беруде жаңа технологиялар арқылы оқытуды тәжірибеден өткізіп, сабақ беру барысында қолдануда.

Пікір үстеу