2021 жылдың 30 сәуірінде Атырау индустриалды колледжі мен «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі арасында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында қос колледжің басшылары Тұхфатолла Джумағазиев пен Жанарбек Жарылғасынов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі еліміздегі ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады. Меморандумның мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау арқылы, білім беру мен оқу үдерісін жүйелі түрде жетілдіруге қатысты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды көздеп отыр. Білім беру ұйымдарынның мамандары арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстарын да жандандыру арқылы, еңбек нарығындағы түрленіп отыратын  талаптарға сәйкес білім беруді дамытуға бағытталған жобаларды бірге атсалысу.

Атырау индустриалды колледж директоры жасалған ынтымақтастыққа аса үлкен мән беретінін жеткізді. Маңызды құжатқа мөр басылып, қол қойылғаннан кейін «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж директоры Жанарбек Жаңабайұлын 70 жылдық тарихы бар оқу ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырып, колледж ұстаздары мен өндірістік оқу шеберлері атқарып жатқан жұмыстарын көрсетті. Атырау облысы бойынша Дуальді оқыту жүйесінің алғашқы эксприменттік алаңы болған колледждің «Жас маман» жобасы, «WorldSKiils» қозғалысы бойынша атқарылып жатырған жұмыстарына оң бағасын беріп, дамытудың әр түрлі аясында өз ұсынысын білдірді.

APEC Petrotechnic «Кәсіпқор» холдингінің дамып келе жатқан желісінің әлемдік деңгейдегі алғашқы кәсіптік техникалық колледжі болып табылады. Дәл осындай колледжбен серіктестік, ынтымақтастық, достық қатынас орнату Атырау индустриалды колледжі үшін үлкен мәртебе. Ынтымағымыз ұзағынан болсын!

Пікір үстеу