Атырау индустриалды колледжінің ТЭМ-20 тобында Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай 4.05.21 күні жерлесіміз «Қазақтан шыққан қаhарман қыз-Хиуаз» тақырыбында топ сағаты өткізілді.
Мақсаты студенттерді Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Студенттер Хиуаз анамыздың ерлік жолдарымен таныса отырып бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік еңсеміздің биік болуыда ,еліміздің өркендеуіде осынау мерекенің жеңісі екенін тереңірек ұғынды. Осынау ерлікке толы аға буын ардагер аталарымыз бен аналарымыз жанқияр ерліктерін бүгінгі күн ұрпақ мәңгілік дәріптеп өтеді.Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған ,сәбилеріміздің жылаған даусы естілмесін!Айбынды азаматтарымыз аман болсын!