
24-28 мамыр аралығында Атырау облысы бойынша жұмысшы мамандардың біліктілігі сыналатын «WorldSkills 2021» чемпионаты өз мәресіне де келіп жетті. Бүкіл әлемді шулатқан індеттен жаңа бас көтерген кезде, жастардың бойында тұнып тұрған күш жігер мен іскерлікті көрсететін сәт осы сайыста байқалды. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, Атырау индустриалды колледж әкімшілігі өзіне жүктелген қағида бойынша «Дәнекерлеу жұмыстары» құзіреттілігі бойынша Worldskils Aтырау 2021 кәсіптік шеберлік чемпионатын өз деңгейінде ұйымдастырып, оған облысымыздың сегіз кәсіптік техникалық оқу орны қатысты. Осы сайыста СВк-18 тобымыздың студенті Тулиев Махамбетті Облыстық WorldSkills- 2021 чемпионатына Дəнекерлеу ісі мамандығы бойынша қатысып, жүлделі 2 орын алды.Құттықтаймыз! Арнайы сайысқа дайындаған Амиржан Сабырғалиевич пен бас эксперт Айсулу Төлегеновнаға алғысымызды айтамыз. Колледжімізде осындай айтулы шараның өтуіне демеуші болған WELDING GROUP мекемесіне шексіз ризашылығымызды айтамыз. Өз атымыздан барша ұатысушыларға айтарымыз маман даярлауда талмай, еңбектеріңіз жанып, студент ризашылықтарын алып , дендеріңіз сау болып, ортамызда биік белестерден көрініп жүре беріңіздер!!!





