
Бүгінде ұлттық құндылықтар дегенде ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, әдеби, мәдени бай мұраларымыз – бабадан мирас болып қалған көне жәдігерлеріміз еске түседі. Аталған асыл мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – өз ұлтын ұлықтаған әрбір азаматтың қасиетті борышы десем, қателеспейміз. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы біздің Атырау индустриалды колледжінде де шын мәнінде ел тарихын өзгеше танып, тарихымызға жаңа қырынан қарауға түрткі болды. Колледжіміздің инженер-педагог құрамы өздерінің оқу-тәрбие жұмыстарында Елбасы мақаласын зерттеп-зерделеуге айрықша назар аударып, кең көлемде ізденіс жұмыстарын жүргізу үстінде. Осы күнге дейін оқу орнында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында өткен ауқымды іс-шаралар – соның дәлелі. Атап айтсақ, аталған бағыт бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп, ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, болашақ ата-аналардың бойына ұлттық қасиеттерді дарыту ісінде жаңа қарқын пайда болды. Ұлттық құндылықтар, яғни ана тілі¬міз, әдеби, мәдени мұраларымыз – ата-бабамыздан мирас болып қалған қасиетті жәдігерлеріміз. Асыл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – өз ұлтын ұлықтаған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қазіргі дамыған, жаңа заманда өмір сүріп жатқан біз, қоғам мүшелері отбасы құндылықтарын ұрпағымызға толыққанды жеткізіп келе жатырмыз ба, қазіргі отбасы қандай, қазақ шаңырағында ұлттық салтымыз, дәстүріміз, ұлы бабаларымыз салып кеткен сара жол жалғасып келе ме және отбасындағы ұл мен қызға беріліп жатқан әке мен ананың тәрбиесінің маңыздылығы қандай деген сауалдарға жауабымызды алып, көзімізді жеткізу мақсатында колледж ата-аналарына «Отбасы – тәрбие іргетасы», «Отбасы – адамзат бесігі тербеткен ұя тақырыптарында сұхбаттар жүргізілді.Қорыта айтқанда, Ұлы даланың ұлттық құндылықтарын қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері деп білеміз. Оларды жас ұрпақтың санасезімі мен тәрбиесіне сіңірудегі педагогикалық ұжымның еңбегі өлшеусіз.




