Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.Осы орайда Атырау индустриалды колледж басшысы Қайыр Айтпайұлы ның қолдауымен жоспарға сай биылғы оқуға қабылданған студенттердің ата-аналарымен кездесу шарасы барлық санитарлық нормаларға сай жүргізілуде. “Ата-ана, колледж, студент” осы үш одақтың тағдыры маңызды мәселе. Осы мәселені шешуде ата-анамен тығыз байланысты ныгайту басты мақсатымыз! Талап пен мақсатымыз бір, нәтиже – болашақтың жемісі!!!