Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылған Сарайшық этно-ауылынан көрініс. Колледж тарихшысы – Иманғазы Амангелді.
Ел президенті Қ.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдеді. Жошының ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орда Мөңке Темірдің билігі тұсында 1269 жылы Талас өзенінің бойында шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында бір-бірімен татулықты сақтай отырып, өз ұлыстарында тәуелсіз саясат жүргізуге өзара мәміле жасасып, өз алдына дербес империя екенін толық мойындатуға қол жеткізді.Жошы ханның кесенесін зиярат еткен ел басшысы Қ.Тоқаев халықаралық туристік форумда «Ұлытау аймағы міндетті түрде Қазақстанның туристер тарту картасының алдыңғы қатарында болуы тиіс. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Бату ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекеттің орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Беркеге көші­рілген. 1227-1502 жылдар аралығында, үш жүз жылға жуық салтанат құрған сәулетті-сәулелі қағанат тарих көшінде Қазақ хандығының билігіне ұласа отырып, табиғи-тарихи тұрғыда мұрагерлік құқығын иемденген. Кейбір ғалымдар Бату ханның (1227-1255 ж.ж.) хроникасын дәлел түрінде негіз етіп, 2027 жылы «Алтын Орда империясының 800 жылдық мерейтойын» атап өту заңды дегенді айтады.
Сарайшық, Кіші Сарай — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 км жоғары орналасқан.
Осы киелі жерді тамашалауға келген студенттер және көрермендер үлкен әсер алды. Тарихымыздың қаншама әлі ашылмаған сырлары бар деген оймен қайтты.