2021 жылдың қазан айының 29 күні Атырау индустриалды колледжінің І және ІІ курс студенттері арасында Атырау ҚПБ №1 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ кәмелетке толмаған жөніндегі инспекторлары Ыбрай Г.М және Куттыбаева А.Ж , тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Рзабеков А.М. қатысуымен «Құқықтық сауаттылықты арттыру, ұсақ бұзақылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке жол бермеу, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, үй-жайларда қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтар тастау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жөнінде сонымен қоса кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушіліне қатысты жасалатын қылмыстар жөнінде де айтылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434,435.127, 442 баптары, ҚР Қылмыстық кодексінің 107,293 баптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.