Атырау облысының Азаматтық Альянс» Заңды тұлғалар бірлестігі Атырау қалалық әкімдігінің қолдауымен «Атырау қаласы тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттік зайырлы қағидалаларын нығайту мақсатында кешенді іс-шаралар» атты жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында этносаралық өзара байланыстар дамыту, қоғамдық келісім және ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісін насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, қазақстандық бірігейлікті нығайту мақсатындағы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылдың диалог алаңын ұйымдастыру көзделген.
Осы мақсатта «Шапағат» қоғамдық қорымен бірлесе Атырау индустриалды колледж студенттеріне қарашаның 29-да діни сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Діни сауаттылықты нығайту бағытында Орынгалиев Ринат-«Шапағат «Қоғамдық қорының теолог маманы студенттерге жеткілікті ақпараттар беріп, алдын-алу жұмыстарын жүргізді.