КМКҚ «Атырау индустриалды колледжі» студенттеріне «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»- тақырыбында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Гаухар Маратқызы және Айзада Жұмабайқызымен кездесу өтті. Іс шараның мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылық пен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру. Ішкі тәртіп ережелеріне жаңа жылдан бастап өзгеріс енгізуге ұсыныс берілді. Оның ішінде ұялы телефонды пайдаланбау, киім үлгісі, ата-аналармен тығыз жүмыстар т.б.