
КМҚК«Атырау индустриалды колледжі» студенттері арасында Pfizer вакцинасы туралы, колледж қызметкерлеріне ревацинация туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Біздің ардақты ата-аналарымыз бен салмакты студенттерімізге айтарымыз:
Атам қазақ «Бірінші байлық – денсаулық» деп тегін айтпаған ғой. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының ¬сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады.i








Previous
Next