
Наурыз тату көршілік пен жергілікті қауымдастықтардың мерекесі. Наурыз мейрамы мүмкіндігінше көңілді және шулы етіп атап өтіледі. Ежелде мейрам 13 күнге жалғасқан. Сонда адамдар ауыл – ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татып, «Наурыз» әнін айтып, бір – бірін жаңа жылмен құттықтап, жақсылақтар тілейтін. Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі. Бұл әлеуетті ауқымды экологиялық акциялар мен жалпы өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу үшін пайдалану. Осы орайда Атырау индустриалды колледж ұстаздары мен белсенді жастары көршілес, ғасырға жуық тарихы бар, еліміздің барлық аймақтарына мұғалімдік мамандығын даярлап отырған Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне барып қазақтың салт-дәстүріне сай «Амал» мерекесімен құттықтап қайтты. Қазақ халқындағы Наурыз қүнінің тағы бір басты ерекшелігі сол күні бір – біріне жолыққан адамдар ерекше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір-біріне жаңа жыл тілегін білдіріседі.Бүгінгі кішігірім қадамымыздың мақсатыда осы. Осы күнгі дәстүрге сай ақсақалдар халыққа жақсы тілек айтып, бата береді. Барлық қазақ еліне берер батамыз: «Халық гүлдене берсін! Ақ мол болсын! Бұл күн молшылық әкелсін! Бүкіл жамандық пен барлық қара іс жер бетінен жойылсын! Ата – бабамыздың рухы бізге әрдайым қолдау көрсетсін!»