
30-31 наурыз аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» «Кәсіби өзара іс-қимыл жүйесі және қазіргі заманғы білім беру технологиялары – білім беру сапасына қол жеткізудің негізі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларын ұйымдастырды. Осы педагогикалық оқуға колледжімізден арнайы пән оқытушысы Абулхасимова Гульнара Сатыбалдиевна қатысып, «Арнайы пән сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау» тақырыбымен тәжірибе алмасып, белсенділік көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.


Previous
Next