
2022 жылдың 11 – 15 сәуір күндері аралығында өтетін «Жалпы құрылыс» пәндер бірлестігінің «Мамандығым – жарқын болашағым!» атты апталығының ашылуы ұйымдастырылды. Бірлестік жетекшісі Сағижан Ботакөз Беркінқызы апталық жоспарымен таныстырып, жоспарға сай арнайы пән оқытушылары А.О.Дауылбаева, Б.Б.Досмуханбетова және өндірістік оқыту шеберлері Б.Б.Сағижан, А.М.Құтмамбетов жаңаша сабақ беру әдістерін өткізетіндігін атап өтті. Апталықтың мақсаты: Оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің білім деңгейін анықтау, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, «Жалпы құрылыс» пәндер бірлестігі бойынша «Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы»; ТЭМ- 21, ЭМд-21, яғни «Техник-электрик» мамандары және «Техник-құрылысшы»; «Арматуршы» мамандығы және МСШП-21 оқу тобы белсенділік танытады. Өйткені, құрылыс мамандары сәулетші ғимаратты жобалайды, құрылыс салады, электрик мамандығы электр энергиясын түрлендіре отырып тұтынушыға жеткізеді, яғни тұтынушыға жарық көзін береді. Демек, «Атырау индустриалды колледжі – жоғарыда аталған сұранысқа ие мамандарды заман талабына сай даярлауда», – деген сөздермен Ботакөз Беркінқызы ашылу шарасын түйіндеді.









