2022 жылдың 15 ақпан айында Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен  «Worldskills – білікті маман дамытудың маңызды элементі» атты онлайн өңірлік семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумға өндірістік оқыту шебері А.М.Кутмамбетов «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Worldskills аймақтық чемпионат қатысушыларын дайындау» тақырыбындағы жұмысын көрсете отырып, «Worldskills Kazakhstan» чемпионатының ұйымдастырылуы мен жұмысшы мамандықтарын даярлау және еңбек өнімділігін арттыру тіректерін қалыптастыру бағытындағы тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылай отырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде материалдары жинаққа еніп, сертификатқа иеленді.