2022 жылдың 05 сәуір айында Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы «2021-2024 жылдарға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру негізінде «Мектеп-балабақша, колледж» – сүйіспеншілік мекені» білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбындағы республикалық семинар ұйымдастырды. Семинардың бірнші бөлімінде спикерлер білім беру ұйымдарында қолайлы орта құрудың маңыздылығын баяндай отырып, пән оқытушылары әртүрлі тақырыптық бағыт бойынша шеберлік-сағаттар мен тренингтер өткізді. Колледжімізден Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Г.Б.Кожантаева семинарға қатысып тәжірибе алмасты сертификатқа иеленді.


