2022 жылдың 06 сәуір айында Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығының өңірлермен жасаған ынтымақтастық туралы шарт (меморандум) аясында жасақталған өңірлердің біріккен  жұмыс жоспарына сай «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогтердің жобалық-инновациялық қызметі» тақырыбындағы өңірлік  онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты: педагогикалық үдеріске инновациялық технологияларды, әдістерді қолдану арқылы енгізілген жаңалықтарды, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелерді анықтау және теориялық және тәжірибелік тұрғысынан игеруге бағыт беру болып табылады. Вебинарға ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Искакова қатысты. Несібелі Аселқызы «Кәсіби ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы бейнесабақтарымен бөлісіп, материалдары жинаққа енді.