26 сәуір күні Атырау индустриалды колледжінде студенттер арасында жас кәсіпкер, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Айкөркем» және «Райымбек» шаруа қожалығының директоры Назерке Берікқалиқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Атырау өңіріне жұмысшы мамандарын дайындап жатырған колледждің материалдық- техникалық базасымен танысып, жақында «Жас маман» жобасы негізінде алынған жабдықтарымен танысты. Дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық белсінділігін арттыруға бағытталған республикалық «Ел үміті» марафонына Атырау облысының атынан қатысып, Елбасымен кездескен Назерке Берікқалиқызының колледж студенттерімен кездесуі жоғары деңгейде өтті. Назерке колледж жастарын өз өмір жолымен таныстырып, пікір алмасу сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Онда студенттер ойларында жүрген көкей кесті сұрақтарын қойып ,тұжырымды жауаптар алды. Жастарға арнап сұрақтар қойып, белсене араласқан студенттерге естелікке кітап сыйға тартты. Болашаққа тәуілсіз елімізбен бірге қадам басып келе жатқан бақытты ұрпақтың өкілі ретінде алдағы уақытта Назерке Берікқалиқызына елімізді өркендетуге үлес қосатын үлкен мақсаттарының орындалуына тілеулестігімізді білдіреміз!