Атырау индустриалды колледжімен «APEC Training Center» мекемесі ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында индустриялық-инновациялық дамытудың басым бағыттарын және экономикасының білікті инженерлік-техникалық кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етуге мүдделілікті, әріптестік және серіктестік қарым-қатынастарды іске асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумды жасасты. Меморандумның мәні мен мақсат-міндеттері атап көрсетілді. Талаптардың жарғылары негізінде және қазіргі мүмкіндіктер шеңберінде-даярлау жүйесін жетілдіру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оқу, тәрбие, ғылыми зерттеу қызметінде  жаңа технологиялар мен озық тәжірибені білім беру саласында ынтымақтастық көзделеді. Озық іс-тәжірибелерімен облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде бөлісу мақсатында қарым-қатынас жасайды.