
12-13 мамыр күні КМКҚ «Атырау индустриалды колледжі» кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сай болашақ талапкерлерге өз есігін айқара ашты. Ашық есік күні – мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап, «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты. Талапкерлер мен ата-аналар колледжге түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, біздің білім беру бағдарламамыздың бағытынан да хабардар болды. Ашық есік күні – біздің колледжіміз үшін нағыз мереке. Оқытушылар да студенттер де талапкерлерді жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Талапкерлер оқуға түсу үшін қажетті ақпарат алды. Аталған шараға: Ф.Оңғарсынова, Аманкелді орта мектебі, Ы.Алтынсарин орта мектебі, М.Бекмұхамбетов орта мектебі, Жангелдин орта мектебі, Ломоносов орта мектебі, Отаралиев орта мектебі, Нысанбаев орта мектебі, № 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 32 орта мектептері шақыртылды. Талапкерлерге қабылдау комиссиясының талаптарымен де танысуларына мүмкіндік берілді. Сонымен қатар Құрманғазы, Индер, Исатай, Махамбет аудан мектептеріне колледж жайлы толыққанды әрі жан-жақты ақпарат қашықтықтан ұйымдастырылды. Колледж қызметкерлері мен белсенді студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге мазмұнды презентациялар, фильмдер және маман дайындау бағыттары мен білім беру бағдарламалары көрсетіліп, оқу-өндірістік цехтарына экскурсиямен жалғасты.




Previous
Next