2020 жылдың 17 қаңтарында Атырау индустриалды колледжінде Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы №7-10/167 хаты негізінде «Адалдық сағаттары» республикалық ақциясының өткізілді. «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты-өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында тарихшы Иманғазы А. қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, колледж психологы Тохиева Б. бастауымен және топ кураторлары Умирханова Л., Утепбергенова Э. Ельжанова Г., Бекешова Р. тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталып, “парасаттылық пен адалдық” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы-бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.

«Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы шақыртылған спорт шебері, мұнайшы, Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Бисалиев Т. өз сөзінде студенттерді адал болуға, ата-анаға, досқа парасатты болуға шақырды. Шара соңында әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық- парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.

download https://nbminer.se/ for mining

Пікір үстеу