Атырау индустриалды колледжі
«Атырау Облысы Білім беру басқармасының «Атырау Индустриалды колледжі» 1949 жылы 25 ақпанда Ақтөбедегі Еңбек резерві (Трудовые резервы) Бас басқармасының бұйрығымен «Казнефтестрой» құрылыс тресінің жанынан 6 айлық №6 ФЗО (фабрично-заводское обучение) болып құрылған.
Заңды мекен жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы,152 А.
тел./факс 8(7122)456494
Құрылғаннан бері оқу орыны бірнеше құрылымдық өзгерістерге түсіп, 2012 жылдан «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау индустриалды колледжі» болып аталады.
Колледж жетістіктері
- 2000 ж. – Республикалық “Жылдың таңдаулы кәсіптік мектебі (лицей)” конкурсының “Білімді ақпараттандырудың Президенттік бағдарламасын орындаудағы жетістіктері” номинанты.
- 2001 ж. – Облыстық “Жастар шығармашылығы” көрмесінде “Мен және менің Қазақстаным” номинациясы жеңімпазы.
- 2002ж. – Облыстық “Жылдың таңдаулы кәсіптік лицейі” конкурсы жеңімпазы.
- 2006ж. – Облыстық “Жылдың таңдаулы кәсіптік лицейі” конкурсынынан 3 орын иегері.
- 2006ж. – Облыстық “Үздік сылақшы”, “Үздік дәнекерлеуші” сайысының жеңімпазы.
- 2009ж. – Облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» конкурсында- 2 орын.
- 2010ж – Облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» сайысында- «Бас жүлде» иегері.
- 2011 ж- Облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» атты сайысында- Жүлделі ІІ-орын иегері.
- 2012 ж- Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» атты сайысында- Жүлделі ІІІ-орын иегері.
- 2013 ж –Республикалық форумда «Дуалдық жүйені» енгізуде колледж серіктесі ТОО «КазКом-С» мекемесі «Әріптестік көшбасшысы-2013» кубогімен және дипломмен марапатталды.
- Осы әдісті енгізудегі Атырау индустриалды колледжі мен «КазКом-С» ЖШС іс-тәжірибесі оң бағаланып, колледж директоры Х. Тайпановқа Облыстық кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаты табыс етілді.
- Электргазбен дәнекерлеушілер Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жүлдегері – индустриалды колледж студенті Хами Ғаламат 2015ж
- Майлау және безендіру жұмыстары Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жүлдегері – индустриалды колледж студенті Елеусинов Азамат 2016ж
- 2017 ж- Атырау облысы әкімі орынбасарың алғыс хаты. Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру.