ЕЛЬЖАНОВА ГУЛМИРА ХАБЕРОВНА – Математика  пәнінің оқытушысы, «Жаратылыстану – математика» пән бірлестік  жетекшісі;

Білімі: Жоғары. Гурьев педагогика институты, физика – математика факультеті, 1984-1989ж.ж.

Жалпы жұмыс өтілі: 31  жыл

Саладағы жұмыс өтілі: 31 жыл

1989 – 1993  жылдар аралығында  Құрманғазы ауданы С. Мұқанов орта мектебінде шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жұмыс жасады.    

  • 1991 жылы облыстық информатика пәнінің оқытылуы туралы өткен конференцияда панорамалық сабақ өткізіп, Дипломмен марапатталды.
  • 1993-1994 оқу жылында аудандық пәндік олимпиадасынан екі оқушысы Қабылова Толқын мен Утегалиева Бақытгүл орын алып, облыстық олимпиадаға қатысты.
  • 1994 жылы аудандық педагогикалық оқуға қатысты. 1998 жылы ауданда өткізілген «Ең таңдаулы сабақ» байқауына қатысып, еңбек кітапшасына алғыс жарияланды.
  • 2003 жылы аудандық информатика пәнінің мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып ІІІ орынға ие болды.
  • 2003 жылы аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатын алды.
  • 2004 жылы педагогикалық оқуға қатысып, Алғыс хат алды.
  • 2004 жылы Білім мекемелерінің кәсіподақ комитеттерінің Құрмет Грамотасымен және  аудандық білім беру саласына және кәсіподақ ұйымына сіңірген ерекше еңбегі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.
  • 2006 жылы аудандық информатика пәнінің мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып ІІІ орын алып, Дипломға ие болды. Осы жылы Аудандық «Қазіргі математика пәні мұғалімдерінің ізденістері мен шығармашылығы» сайысында ІІІ орын иеленіп Диплом алды.
  • 2010 жылы «Жыл мұғалімі – 2010» байқауында ІІ орын, «Пән бірлестік жетекшісі – 2010» сайысында «Ізденгіш мұғалім» номинациясын және өз шәкірттерін тәрбиелеудегі жетістігі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
  • 2010 – 2013 оқу жылы аралығында Атырау қаласы, Атырау  сервис колледжінде әдіскер және математика  пәнінің мұғалімі болып  қызмет жасады.  2010 жылы «Кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайында оқытудың нәтижеге бағдарланған инновациялық технологиялары» тақырыбында облыстық семинарға қатысты.
  • 2014-2015 оқу жылынан бастап Атырау мұнай және газ колледжінде математика пәнінің оқытушысы болды.
  • 2014 жылы «Кәсіптік білім беруде педагогикалық іс – әрекетті ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» облыстық ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысып, «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмыстар негізі» тақырыбындағы баяндасы  жинаққа енді.
  • Республикалық деңгейде 2015  жылы «Педагогтың кәсіби өсуі: мазмұны, даму болашағы»  республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысып, «Логикалық есептер шығару арқылы математика пәніне қызығушылықты арттыру» тақырыбындағы жұмысым жинаққа еніп, сертификат  алды.
  • «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институтының «Хабаршы – Вестник» ғылыми – әдістемелік журналына «Математика ақыл – ойдың гимнастикасы» тақырыбында баяндамасы, Республикалық ғылыми педагогикалық «ІТ Педагогика» журналының №2 2016 жылғы санына «Туынды ұғымын қайталау» тақырыбындағы сабағы жарық көрді.
  • Ақтөбе қаласында өткен «Қазіргі таңдағы білім берудегі өзекті мәселелер: ізденіс пен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми практикалық интернет – конференцияға қатысып сертификат және жинаққа мақаласы енді.
  • 2017 жылы Үздік сабақ облыстық байқауына қатысып жүлделі ІІІ дәрежелі Диплом иеленді.
  • «Лидер. Kz» Халықаралық интеллектуалды – білім орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы білім беру жүйесі: өткеннің тәжірибесі – болашаққа көзқарас» атты білім саласы қызметкерлерінің ІІІ Халықаралық байқауының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, жүлделі ІІ орын Диплом иеленді.
  • 2020 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.