ИМАНҒАЗЫ АМАНКЕЛДІ АЙСАҰЛЫ – жоғары санатты, тарих пәнінің оқытушысы;
Білімі: Атырау педагогика институты 1992ж.

Жалпы жұмыс өтілі:  37 жыл

Саладағы жұмыс өтілі:  27 жыл
     

Иманғазы Аманкелді Айсаұлы 1992-2006 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінде тарих пәнінен сабақ берген.  Сол жылдар аралығында білім берумен қатар мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаға және шығармашылық жұмыстарға баулып, жоғарғы жетістіктерге жеткен.

         2006-2017 жылдар аралығынды Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде гуманитарлық пәндерден дәріс берген.

Студенттерді облыстық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жетекшілік еткен.

2017 оқу жылынан бастап Атырау индустриалды колледжінде еңбек етіп келеді. Шығармашыл әрі жаңашыл ұстаз Аманкелді Айсаұлы Республикалық қашықтықтан өткізілген байқауда шығармашылық талантымен ерекшеленгені үшін екінші дәрежелі дипломмен марапратталды.

  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Қазақстан – 2050» стратегиясы және ұлт зиялылары республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жинағы 2013жыл;
  • Атырау «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Тұлға қалыптастырудағы ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жинағы 2014жыл;
  • Атырау «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтар арқылы туған өлкеге деген патриоттық тәрбиенің ролі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік on-line конференцияға жинағы Атырау 2020жыл;
  • Республикалық «Білімді ұрпақ – ел болашағы» ғылыми жобалар жиағына «Ғұлама Әбу Насыр әл Фараби» атты мақала Алматы 2020 жыл;
  • Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық орталығы, Құрмет грамотасы 2020 жыл;
  • Атырау облысы білім беру басқармасы, Құрмет грамотасы 2020 жыл;