ИСКУЖИЕВ СЕРИК БАТАНОВИЧ– Арнайы пән оқытушысы

 Білімі: Жоғары, Свердловск қаласындағы инженер-   

 педагогикалық институты

1992жыл, Инженер- педагог, энергетик

Педагогикалық еңбек өтілі: 46 жыл

 

  • 1989-1990 жыл –Директор профтехучилище №3
  • 1990-1991 жыл- Директор профтехучилище №4
  • 1993-1999 жыл –Директор профтехучилище №3
  • 2002-2005 жыл-Директор лицей №2
  • Қазақ ССРі кәсіптік-техникалық білім беру үздігі (1988ж.)
  • СССР кәсіптік-техникалық білім беру ардагері (1992ж)
  • Қазақстан Республикасы Білім беру Үздігі (1999ж.)
  • Ы.Алтынсарин төсбелгісі иегері (2007ж.)
  • Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2014ж.)

2001жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, марапатталған.

Білім саласындағы еңбек жолын 1970 жылы Гурьев қаласындағы №13 училищеде өндірістік оқыту шебері болып бастады. Кейін аға шебер, директор.

         1984-1985 жылдары Ақтөбе Шығыс Электр Жүйелері Кәсіпорнында Тарату Жүйелері инженері болып еңбек етті.

          1992-1993, 1999-2002, 2005-2010 жылдары, 3 рет, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында, сол жылдар аралықтарында – 1989-1990, (1990-1992 жылдары №1 кәсіптік лицей директоры), 1993-1999, 2002-2005 жылдары  №2 кәсіптік лицейде, қазіргі Атырау индустриалды колледжінде, жалпы саны 10 жыл директор болып еңбек етті.

          Атырау қаласы №13 химиктер училищесінде аға шебер, директор лауазымдарында еңбек еткен кезінде Гурьев химия зауытымен тығыз  байланыс орнатып, училищенің өндірістік оқыту базасын нығайтуға бірден-бір басшылық жасады.

         Зауыт- үздіксіз технологиялық үрдісте жұмыс істейтін кәсіпорын болғандықтан, сол ерекшелікті ескеріп, өндірістік сабақтарда «жазбаша-инструкция» тәсілін жаппай қолданысқа енгізді. Шеберханаларда полиэтилен өндіру технологиясы схемасы және әртүрлі тренажерлар жасауға басшылық жасап, оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануды ұйымдастырды.         

         Химия зауытымен орнатылған тығыз қарым-қатнас арқасында, училище шеберханасына Д3132 полиэтилен құю машинасы орнатылып, өндірістік сабақты пайдалы өнім шығарумен ұштастырды.

Сонымен қатар Клин, Балаково, қалаларындағы химия комбинаттарымен байланыс орнатып, өндірістік практиканы сол комбинаттарда өткізуді  және түлектердің жұмысқа орналасу мәселесін тиімді шешті.

         №2 кәсіптік лицейде басшылық еткен кезде, құрылысшы мамандықтары дайындалатын оқу орны болғандықтан, оқу орнындағы өңдеу-жөндеу жұмыстарын лицейдің өз күшімен жүргізуді ұйымдастырды және білім беру ұйымына тән өте тату, шығармашыл ұжым қалыптастыра алды. Кәсіптік лицей жаңа технологияларды сынақтан өткізіп, қолданысқа енгізудің орталығына айналды. Оқу орнын Жоғарғы кәсіптік училище, Кәсіптік техникалық лицей құрылымдарына аударуға басшылық жасады.

           1992-1993, 1999-2002 жылдары білім басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек еткенде кәсіптік білім беру  оқу орындары жүйесін ретсіз, ойланбай істелген оңтайластырулардан сақтап қалуға үлесін қосып, олардың нығаюына, материалдық-техникалық базаларының жақсаруына  ат салысса, 2005-2010 жылдары еңбек еткен кезде жаңа технологияны енгізіп, игеруге, Атырау қаласында 700 орындық Аймақаралық мұнай-газ саласы оқу орталығы (кәзіргі Аpec Реtro Тechnic) құрылысын қадағалауға, «100 мектеп, 100 аурухана» жобасын іске асыруға, «Балапан» бағдарламасын бастауға,  облыстағы білім саласына қатысты инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруға басшылық жасап, орындалуын бақылауда ұстап, облыс білім  саласы базасын жақсартуға зор үлес қосты.

         2001 жылдан бастап шыға бастаған «Қазақстан кәсіпкері- профессионал Казахстана» ғылыми әдістемелік  журналының шығуына белсене ат салысып, редакциялық кеңес құрамына енді.

         2010 жылы зейнеткерлікке шыққан соң,  №2 кәсіптік лицей директорының орынбасары лауазымында еңбек етіп, үзеңгілес әріптестерімен саладағы мол тәжірибесімен бөлісуде болды.  Кәсіпорындармен байланысты нығайтып, өндірістік оқыту бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесе қайта жасауды, қамқоршылар кеңесі жұмысын жандандыруды, шеберханаларды қайта жасақтауды, мектеп, колледж, институттармен байланысты нығайтуға  деген үлесі зор.

          Серік  Батанұлы білім саласының мәселелерін шешу жолында: саланың жаңалықтары мен оқыту сапасын көтерудегі,  өз ой-пікірлерін телеарналарда, газет беттерінде жариялап, бұқара көпшілікпен, әріптестерімен бөлісіп отырады.

          Оның облыстық газеттерде жарық көрген «Профтехшкола: Адаптация в условиях рынка», «Әдістемелік қызметтің дәрежесі әлі төмен», «Поднять рабочую марку», «Диктует жизнь», «Кому завтра доверить цеха», «В новые школы, к новым знаниям», «Завтра будет центр возведен!», «Техникалық және кәсіптік білім» республикалық журналдың 2016 ж. №1 «Дуалдық оқыту батыл және кеңінен енгізуді  қажет етеді»  т.б мақалалардағы пікірлері соның куәсі.

         Ол 2004 жылғы Республикалық мұғалімдер 3-сьезінің делегаты болып сайланып, кәсіптік саланың міндеттері мен проблемалары жайлы, шетелдік жұмысшы күшін алмастыру жолдары туралы съезд мінберінен сөз сөйлеп, пікірін білдірді.

          2012 жылы шілде айында Атырау қаласында, құрылысы аяқталған 700 орындық Аймақ аралық мұнай-газ саласы оқу орталығында Қазақстан Республикасы премьер министрі К.Х.Масимовтың басшылығымен өткен үкімет мүшелерінің жиналысында да сөз сөйлеп, кәсіптік білім беру жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары жөнінде ұсыныстарын баяндады.