ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

– Өтініш;
–  Білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
– 86-У нысандағы медициналық анықтама;
– 3×4 көлеміндегі фотосурет (4 дана);
– Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат (паспорт));
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.