АТЫРАУ ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ
Атырау индустриалды колледжі студенттерінің қауымдастығы:
– Колледждің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;
– Колледждік қауымдастықтың бірлескен мәдениетін қолдау мен дамытуды, АИК-тың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;
– АИК-та студенттермен, қызметкерлермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;
АИК студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.
1-бап.
АИК студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, АИК Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақханада тұру Ережесіне және басқа да АИК-тың нормативті актілеріне бағынады.
2-бап.
АИК студенті ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын біледі және оларды қастерлейді, колледж дәстүрлерін кіршіксіз сақтайды және оларды құрметтейді.
3-бап.
АИК студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және АИК әкімдігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.
4-бап.
АИК студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.
5-бап.
АИК студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:
– плагиат;
– алдау;
– шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру және біреуден сұрау;
– білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;
– жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
– пара беру;
– оқытушыны алдау және оны сыйламау;
– сабақтарды жіберу және кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау.
6-бап.
АИК студенті колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.
7-бап.
АИК студенті колледждің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.
8-бап.
АИК студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.
9-бап.
АИК студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.
10-бап.
АИК студенті колледжде және оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
11-бап.
АИК студенті тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
12-бап.
АИК студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және АИК имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.
13-бап.
АИК студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе АИК әкімдігіне хабарлауға құқылы.